4 қазанда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ының 3-ЖЭО-да екінші түтін құбырының темірбетон оқпанының құрылысы аяқталды. Бұның маңызы бар. Осыдан тура 50 жыл бұрын 1972 жылы 2 қазанда 3-ЖЭО-да алғашқы қазандық пен алғашқы турбоагрегат іске қосылды. Жарты ғасыр бойы станция сол 1972 жылы іске қосылған бір түтін мұржасымен жұмыс істеп келді.
Газ құбырлары бар жаңа темірбетон құбырын пайдалануға енгізу №5 және №6 қазандық агрегаттарын жұмыстың жобалық схемасына ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, президенттің атмосфераға парниктік шығарындыларды азайту, энергия тиімділігін арттыру, ауаның ластануын азайту туралы Жолдауына сәйкес, жаңа түтін құбырын іске қосу алғашқы түтін құбырын күрделі жөндеуге шығарып қана қоймай, қазандық агрегаттары жұмысының тиімділігін арттырады, оларды жобалау схемасына сәйкес пайдалануға және қажетті регламенттік жөндеу жұмыстары мен электр станцияларын тексерулерді толық тоқтатпай жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жабдықтың жалпы тозуын айтарлықтай азайтады.
2018 жылы инвестициялық бағдарлама аясында 92 млн. 279 мың 239 теңгеге темірбетон құбырын салу үшін іргетасы дайындалды. Темірбетон оқпанының құрылысы 2022 жылдың 27 маусымында басталды. Құбыр оқпанын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құны ҚҚС есебімен 2 млрд. 527 млн. 473 мың 732 теңгені құрады.
Жұмыстарға екі мамандандырылған қосалқы мердігерлік ұйым тартылды: «Қазтеплоспецстрой» ЖШС және «ТеплоХимМонтаж» АҚ. Бетон құю үздіксіз, тәулік бойы жүргізілді. Мұржа тұрғызылған кезде конструкцияның биіктігі өсті. Үздіксіз бетондау процесі 85 күнге созылды.
Сондай-ақ, биылғы жылы түтін құбырына шойын ұштық, найзағай қабылдағышты орнату, алаңша салу және сигналдық шамдарды орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, өткен апталар Павлодарда жылу беру маусымы ерекше проблемаларсыз басталды деп айтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әлеуметтік сала мекемелерінде және көпқабатты тұрғын үйлердің көпшілігінде жылу бар.
Екібастұзда жылу беру маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 20 қыркүйекте басталды. Жөндеу науқанын сәтті аяқтау және станцияда дайындық іс-шараларын өткізу және жылу беру маусымын уақтылы бастау мақсатында компания акционерлері қосымша 500 млн.теңге бөлді. Объектілерді орталық жылуға қосу техникалық дайындық актілерінің болуын ескере отырып, бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіледі.