«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да «Табиғатты аяла. Туған өлке сұлулығы» конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс ұйымдастырушылары - қоршаған ортаны қорғау басқармасы фотосуреттер арқылы конкурстың тақырыбын айқындай алған 2-ЖЭО және 3-ЖЭО цехтары қызметкерлеріне дипломдар мен сыйлықтарды табыстады.

Камера объективі көптеген қызықты нәрселерді түсіруге қабілетті, фотобайқау шарты  -  табиғат пен энергия объектілерінің қатар үйлесімді өмірін көрсету. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасы фотобайқау қорытындыларын шығарды, қазылар алқасы комиссиясының шешімімен орындар келесідей бөлінді: үшінші орынды 2-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеу цехы мен 3-ЖЭО теміржол цехы бөлісті; екінші орынды 2-ЖЭО отын-көлік цехы және 3-ЖЭО химиялық цехы иеленді; бірінші орынға 2-ЖЭО қазандық цехы және 3-ЖЭО сумен жабдықтау және кәріз цехы ие болды.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға ұсынылған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау қажеттілігін еске салды.