«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қызметкерлері үшін фотобайқау өткізді. Өнеркәсіпте сұлулықты көру әркімнің қолынан келе бермейді, бірақ қатысушылар камера объективі арқылы энергия өндіруші объектілер мен жасыл көшеттердің қатар өмір сүру үйлесімділігін көрсете алды.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары жыл сайынғы экологиялық конкурсқа қатысу үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ станцияларының қызметкерлерін әдемі кадрлар үшін фотосуреттер жасауға баруды ұсынды. Және бұл жай ғана фотосуреттер емес, әр фото конкурстың «Табиғатты аяла. Туған өлке сұлулығы» тақырыбын айқындауы қажет.
«Бұл конкурс экологиялық ағарту және экологиялық жауапкершілікті насихаттау мақсатында өткізіледі. Биыл біз байқаудың шығармашылық бағытына баса назар аудардық, адамдарды кәсіпорын мен өлкенің сұлулығын қалай көретінін және оны фотосуреттер арқылы қалай жеткізе алатынын көргіміз келді. Барлық қатысушылар тапсырманы орындай алғанын атап өткім келеді. Жұмыстар өте қызықты, көп қырлы болып шықты, бағалау оңай болмайды», - деп баяндады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Асель Нуракова.
Қазіргі уақытта фотожұмыстар қазылар алқасы комиссиясының қарауында, жеңімпаздар анықталғаннан кейін жүлделі орындар салтанатты түрде аталып, сыйлықтар табысталатын болады.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының ұжымы байқау қатысушыларына алғысын білдіріп, табиғатты қорғау маңыздылығын еске салады.