«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларының өкілдері арасында бірыңғай тоғыспалы аудит өтті. Үш күн бойы Нұр-Сұлтан мен Петропавл мамандары павлодарлық әріптестерімен, олардың жұмысымен танысты. Кездесулер компаниялар тобының кәсіпорындарында да, сондай-ақ бейресми жағдайда да өтті.
Өзара аудит 2016 жылдан бері «АЭТК» АҚ, «Севказэнерго» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ арасында жүргізіліп келеді. Жылына екі рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік бақылау қызметтері, қоршаған ортаны қорғау басқармалары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы мамандары тәжірибемен бөлісу, өзекті мәселелерді талқылау үшін компания тобының кәсіпорындарының біріне жиналады.
«ОАЭК» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаментінің директоры Руслан Зинатулиннің айтуынша, аудиттің мақсаты бірінші кезекте тәжірибе алмасу болып табылады. Кәсіпорындарға шақырылған мамандар келіп қабылдаушы компанияның ұйымдағы және еңбек қауіпсіздігіндегі жағымды жақтарын атап көрсете алады және егер бар болса, кемшіліктерді анықтай алады.
«Мұндай өзара тексерулер кемшіліктерді мақсатты түрде анықтайтын тексерулер емес, бұл ең алдымен басқа қалалардан келген ұжымдарды таныстыру және тәжірибе алмасу. Иә, кәсіпорындарда әрдайым жұмыс жасауды талап ететін проблемалар болады, ал мамандар осы немесе басқа мәселеге назар аударады. Алайда, біз тек кәсіпорындарды ғана емес, сондай-ақ өңірлердің көрікті жерлерін де аралай отырып, мұндай сапарларды қызықты етуге тырысамыз, мысалы, Павлодар облысында Шарбақты ауданындағы Ғабдул-Уахит Хазрет кесенесіне бардық. Бұл ұжымдарды біріктіруге көмектеседі», - деп түсіндіреді Руслан Зинатулин.
Келесі, көктемгі аудит «ОАЭК» АҚ-ының еншілес ұйымдары өкілдік ететін басқа қалада өтеді.