Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум қарсаңында «Amanat» партиясының өкілдері компаниялар тобының қызметкерлеріне негізгі ережелерді, өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-на келді.
1 маусымда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері «Amanat» партиясының өкілдерімен: қалалық азаматтық штабтың төрағасы Қобланбек Қожинмен, «Amanat» облыстық партия штабының мүшесі Олег Костенкомен және «Amanat» қалалық партия штабының төрағасы Айгүл Маликовамен кездесті. Іс-шара барысында қызметкерлер ұсынылған түзетулердің қысқаша мазмұнымен танысты және спикерлерге алдағы референдум туралы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.
«Бұл біздің еліміздің тарихындағы Конституцияға енгізілген түзетулер үшін осындай алғашқы дауыс беру және біз Сіздерді азаматтық позицияңызды көрсетуге, сайлау учаскелеріне келуге және өз дауысыңызды қалдыруға шақырамыз», - деп шақырды Айгүл Маликова.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев спикерлердің энергетиктерге үндеуін қолдады.