Павлодар энергетиктері үшін Усолка өзенінің көркем жағасында өткен Отбасылық шаңғы жарысы тағы бір естен кетпес спорттық мерекеге айналды.
Командалық жарыстың нәтижесі төмендегідей: бірінші орынды «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері иеленсе, екінші-үшінші орындарды «ПЭТК» АҚ мен «Павлодарэнергосбыт» ЖШС бөлісті. Жекелей сында жүлделі орындар Смирновтар («ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ), Власовтар («ПЭТК» АҚ) және Мұқашевтар («Павлодарэнергосбыт» ЖШС) отбасыларына бұйырды. Барлық жеңімпаздарға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бірлескен кәсіподақ ұйымының атынан дәстүрлі грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. Дегенмен, бұл күннің басты кейіпкерлері, әлбетте, балалар болды.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС бақылаушысы Елена Шараманова эстафетаға күйеуі Дмитрий мен қызы Софьямен келді. Бүлдіршін қыз бар болғаны 5 жаста, оған, тіпті, кішкентай өлшемдегі лайық шаңғы табу да оңайға соқпады. Десе де кішкентай Софья биылғы жарыстың басты жаңалығы бола білді. Ол өздігімен эстафетаны бастан-аяқ өткеріп шықты. Софья алғашқы рет аяғына шаңғы байласа да, екі жылдан бері бимен айналысады екен. Бірнеше мәрте хореографиялық байқаулардың жеңімпаз, жүлдегері атанған. Шамасы, ол енді таяуда шаңғы эстафеталарында да алдыңғы шептен көрінетін болады.
Ал бұл жолы балалар арасындағы сайыста жылу энергиясын жүзеге асыру бөлімінің жеке тұлғалар секторы инженері Мәдина Мұқашеваның жиені, 11 жастағы Бейбіт дара шықты. Ол жүзумен айналысып, кей демалыс күндері ата-анасымен бірге шаңғы да тебеді. Энергетиктер арасында өткен шаңғы жарысынан кейін ол бұл спорт түрімен шындап айналысуға шешім қабылдады.
Жарыста бақ сынаған тағы бір отбасы – Мұқашевтар болатын. Мәдинамен әрі әріптес, әрі сіңлісі Зарина ең көп адамнан құралған команда жинай білді. Мұндай отбасылық эстафеталар отбасыңмен бірге көңілді де денсаулыққа пайдалы уақыт өткізудің тамаша мүмкіндігі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі