«Павлодарские тепловые сети» ЖШС «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» 2-ЖЭО қосылған жылу жүйелерін, 2016 жылдың 05-09 қыркүйек аралығында жөндеуден кейiн тығыздыққа  гидравликалық сынауларды өткізеді.

Осыған байланысты 2016 жылдың 04-09 қыркүйек аралығында Павлодар қаласының мына  көшелер шегінде тұрғын үйлерде ыстық су болмайды:

Солтүстік бөлігі: Торайғыров к-сі – Ак.Сәтпаев к-сі – Лермонтов к-сі – Ак.Бектұров к-сі – Қайырбаев к-сі – Суворов к-сі – Камзин к-сі – Чкалов к-сі – Кутузов к-сі. Қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз.

Оңтүстік бөлігі:   29 Ноябрь –  Кривенко –  Суворов -  Қамзин –  Естай, 2-Павлодар, Восточный шағын ауданы, Зеленстрой кенті, Дачный шағын ауданы, Усолка шағын ауданы.

Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу жүйелері жерінде сақ болуды өтінеміз.

Ескертулер мен құқық бұзушылықтар болған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчер қызметі); тел. 55-24-61, 55-28-91 (эксплуатациялық аудан).