Түрлі ұйымдардың ардагерлері 8 километрлік чемпиондық жүгіру жарысына қатысты. Олардың арасында әр түрлі жас санатындағы ерлер мен әйелдер болды. Көшбасшылыққа үміткерлердің барлығы күреске толығымен беріліп қатысты. Бұл жүгіріске энергетика ардагерлері де ат салысты.
Павлодарда 3-шілдеде «Ертіс» шаңғы базасында ҚР кантри кросы (8 км жүгіру) бойынша ардагерлер арасында жас топтары бойынша чемпионат өтті. Ұйымдастырушысы «Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-нің қолдауымен «ҚР Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ болды. Аты шыққан спорт ардагерлерімен қатар жүгірумен әуестенушілер де қатысты.
Жүгіруден өткен жарысқа «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ ардагерлері ат салысты: Рамиль Хасаншин («ПРЭК» АҚ ) 3-орынды иеленсе, Светлана Даулетбаева («Каустик» АҚ) 4-орын алды.
Жеңімпаздар мен сыйлық иегерлері «Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-нің грамоталары мен төсбелгілерімен марапатталды.
«Тамаша ауа-райы, Қазақстан Республикасының түрлі қалаларынан келген көптеген қатысушылар жарысқа жоғары темп пен спорттық қызуды қамтамасыз етті», - деп «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Толеубаев қорытындылады.