«Павлодар Электр желістік Тарату Компаниясы» АҚ-да инвестициялық жобаларды іске асыру туралы Павлодар облысы бойынша ТМРКД, үкіметтік емес ұйымдар мен өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз туры барысында энергетиктер келесіні мәлімдеді.
2 млрд 526 млн 546 мың теңге – 2022 жылы «ПЭЖТК» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға жоспарланған жалпы сома. Жобаларды іске асыру желілер мен жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді және электр энергиясының жаңа тұтынушыларын қосуға мүмкіндік береді.
«Северная городская» 35/10 кВ қосалқы станциясы 1966 жылы пайдалануға берілген және Павлодар қаласының солтүстік-шығыс бөлігінің тұтынушыларын электрмен жабдықтауға арналған. Бүгінгі күні қосалқы станцияның ресурсы таусылды, ал қысқы мерзімде күштік трансформаторлардың жүктемесі әрбір трансформаторға 70-80%-ды құрайды. Трансформаторлардың осындай көп жүктемесіне байланысты қосымша тұтынушыларды 35/10 кВ «Северная-городская» қосалқы станциясына қосу мүмкін емес. Негізгі жабдықты ауыстыру да мүмкін емес, өйткені қуат шектеулі және 35 кВ желілердің өткізу қабілеті жеткіліксіз, сондай-ақ жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезеңінде жүктемені ауыстыруға мүмкіндік жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2х40МВА күштік трансформаторларын орната отырып, «Промышленная» 220/110кВ ҚС 110кВ қосымша екі ұяшықты монтаждаумен және екі тізбекті ВЛ-110кВ салумен «Северная-городская» 110/10кВ қосалқы станциясының құрылысын орындау туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні осы іс-шара аясында келесілер орындалды:
- жұмыс істеп тұрған «Промышленная» ҚС АТҚ-110кВ 1-ші ұяшығын монтаждау орындалды және АТҚ -110кВ 2-ші ұяшығында жерге тұйықтау контурын және құрылыс конструкцияларының бөлігін монтаждау бойынша жұмыстар орындалды;
- салынып жатқан «Северная-городская» қосалқы станциясында авариялық май құбырлары мен екі трансформаторға арналған май жинағышты монтаждау, кабель науаларын монтаждау, жерге тұйықтау контурын монтаждау, АТҚ-110кВ бірінші және екінші кезектегі желілік және шиналық порталдарды монтаждау, АТҚ-110кВ бірінші және екінші кезектегі жабдықтарды іргетастарға монтаждау орындалды, және ТРДН екі күштік трансформаторы толығымен жиналды - 40000/110У1, күштік трансформаторлардың шудан қорғайтын қоршауы жасалды, АТҚ және ЖТҚ блоктық-модульді ғимаратын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді;
-салынып жатқан «Промышленная – Северная-городская» ҚС қос тізбекті ӘЖ-110кВ-да металл анкерлі-бұрыштық және аралық темірбетон тіректерін құрастыру және орнату бойынша жұмыстар аяқталды, ұзындығы 3,2 км АС-185/29 сымын монтаждау орындалды, АПвПпу2г 1х630/210-64/маркалы мыс экраны бар тігілген полиэтиленнен жасалған ұзындығы 0,56 км 110 кәбілдік ендірме монтаждалды, топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған нысан бойынша барлығы 2022 жылы жалпы сомасы 1 млрд 067 млн 760 мың теңге ақшалай қаражатты игеру жоспарлануда.
«Северная-городская» 110/10кВ ҚС құрылысы , «Промышленная - Северная – городская» ҚС екі тізбекті ӘЖ-110кВ құрылысы» объектісінің құрылысын аяқтау және 220/110кВ «Промышленная» ҚС 110 кВ екі ұяшығын толық пайдалануға берумен монтаждау 2023 жылғы маусымға жоспарланып отыр.
Жалпы ұзындығы 17,84 км 10 кВ кабельді электр беру желілерінің құрылысы.
Жұмыс жобасына сәйкес 10 кВ 13 кабельдік электр беру желісін салу жоспарланған, оның ішінде 10 кВ қолданыстағы 6 кабельдік желіні толық ауыстыру және 10 кВ жаңа 7 кабельдік желіні монтаждау. Ауыстыруға жататын 10 кВ қолданыстағы кабельдік желілер 1968 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде пайдалануға берілді, Павлодар қаласының орталық, солтүстік және оңтүстік бөліктерінің тұтынушыларын электрмен жабдықтауды жүзеге асырады.
Кабельдік желілердің мерзімді зақымдалуын тексерудің және талдаудың нәтижесінде электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін қолданыстағы кабельдік желілерді ауыстыру туралы шешім қабылданды. 10 кВ жаңа кабель желілерінің құрылысы «Восточная городская» 110/10кВ ҚС 10 кВ Ф-14 әуе желісін 3 учаскеге бөлу мақсатында көзделген, сол арқылы шығыс өнеркәсіптік ауданының тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Осы жұмыс жобасы бойынша келесілер орындалды:
1) 2020 жылдың ішінде: КЖ-10кВ РП 11 - 3 ұяшық «Заводская» ҚС құрылысы, ұзындығы 1,45 км.
2) 2021 жылы орындалды:
- «Центральная городская» ҚС 110/10 кВ - ТП 498, КЖ-10 кВ «Заводская» ҚС 110/10 кВ - РП-11, КЖ – 10 кВ ТП 21 – ТП 189, КЛ-10 кВ ТП 56 – ТП 70 кабель желілерін салу, жалпы ұзындығы 4,988 км,
-«Заводская» ҚС 110/10кВ К-59 типті КРУН-10кВ 2 ұяшығын монтаждау.
3) 2022 жылы орындалды:
- «Восточная-городская» ҚС КЖ – 10кВ 110/10 кВ-РП 11, КЖ - 10кВ РП 11- тірек №34-1 ӘЖ -10кВ Ф-14 «Восточная-городская» ҚС 110/10 кВ, КЖ - 10кВ РП 11- тірек №34-2/4 ӘЖ -10кВ ф-14 кабельдік желілерін салу «Восточная-городская» ҚС 110/10 кВ, КЛ-10кВ РП 11 - ТП 179, жалпы ұзындығы 8,145 км.
Барлық жұмыстар тротуарлардың асфальтбетон жабынын қалпына келтірумен және қала аумағын көгалдандырумен және абаттандырумен жүргізіледі.
Бүгінгі таңда 10 кВ кабельді электр беру желілерінің құрылысы жалғасуда.
2022 жылы аталған нысан бойынша барлығы 180 млн 072 мың теңге көлемінде қаражатты игеру жоспарланып отыр.
13 КЖ-10 кВ құрылысын толық пайдалануға берумен аяқтау 2022 жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отыр.
Павлодар қаласындағы «Западная-городская» 110/10 кВ ҚС №110 фидерінің ӘЖ -10кВ қайта жаңарту.
10 кВ фидер №110 әуе желісі 2001 жылы пайдалануға енгізілді және Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағының, радио зауытының тұтынушыларын электрмен жабдықтауға арналған.
ӘЖ-10 кВ қорғау аймағында көптеген жеке үйлер салынды, автобус аялдамалары, бақтар орналасқан. Халық арасында жазатайым оқиғалардың жоғары қаупі бар. Әуе желісінің өткізу қабілеті төмен болғандықтан, жаңа тұтынушыларды қосу және жүктемелердің өсуі шектеулі. Нәтижесінде кабельдік желіге барынша аударумен 10 кВ әуе желісін қайта құру туралы шешім қабылданды.
Осы жұмыс жобасы бойынша мыналар орындалды:
1) 2021 жылы:
- монтаждау, 2 реклоузерді сатып алу және монтаждау;
2) 2022 жылы орындалды:
- КЖ – 10кВ КТП 979-ВЛ-10кВ Ф-110 «Западная-городская» 110/10кВ ҚС , КЖ – 10кВ КТП 869-тірек №15 ВЛ-10кВ Ф-110 «Западная-городская» 110/10кВ ҚС, КЖ – 10кВ КТП 869-тірек №16 ӘЖ -10кВ Ф-110 «Западная-городская» ҚС 110/10кВ, КЖ-10кВ КТП 916 – тірек №16 ӘЖ-10кВ Ф-110 «Западная-городская» ҚС 110/10кВ, КЖ-10кВ КТП 916 – тірек №17 ӘЖ-10кВ Ф-110 «Западная-городская» ҚС 110/10кВ құрылысы, жалпы ұзындығы 1,754 км.
Бүгінгі күні әуе желісін қайта құру шеңберінде №916/250кВа КТПН монтаждауға іргетас салу бойынша жұмыстар жүргізілуде және ұзындығы 2,33 км СИП-3 монтаждау үшін материалдар сатып алынуда.
2022 жылы аталған нысан бойынша барлығы 72 млн 579 мың теңге көлемінде қаражатты игеру жоспарланып отыр.
2022 жылдың 4-тоқсанында 10 кВ-ӘЖ толық пайдалануға беруімен қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру және дамыту.
Атмосфералық жауын-шашынның және ұзақ қызмет ету мерзімінің әсерінен ғимараттың шатыры жарамсыз болып қалды. Шатырдың ағып кетуі салдарынан ғимараттың тірек құрылымы бұзылады, нәтижесінде ол төтенше жағдайға және негізгі жабдықтың істен шығу қаупіне әкеледі. Мырышталған профильді табақпен қапталған шатырды орнату ғимаратты жөндеу шығындарының қысқаруына әкеледі және қоршау құрылымдарының сенімділігін арттырады.
2022 жылы Павлодар қ. ТП 10/0,4 кВ 13 ғимараты, Ақсу қ. ТП 10/0,4 кВ 10 ғимараты, Ленин к. 3 ғимараты, Шарбақты ауданының 1 ғимараты қайта жаңартылды.
2022 жылдың 3-4 тоқсанында өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың 35 бірлігін қайта жаңартуды орындауға 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жұмыстарды аяқтаумен, «МонолитСтройСервис ПВ» ЖШС-мен шарт жасалды.
2022 жылы аталған нысан бойынша барлығы 88 млн 488 мың теңге көлемінде қаражатты игеру жоспарланып отыр.
Ұзындығы 18,637 км №52 "Федоровка 1,2-Львовка" ӘЖ- 35кВ құрылысы
Тереңкөл ауданында орналасқан № 52 "Федоровка 1,2 - Львовка" (18,75 км) 35кВ ӘЖ 1965 жылы ескі жобалау нормалары бойынша АС-35 маркалы сыммен салынған.
Тереңкөл ауданында электр энергиясын тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін және жаңа тұтынушыларды қосу мүмкіндігін арттыру, сондай – ақ қолданыстағы тұтынушылардың қуатын арттыру мақсатында 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде қолданыстағы электр беру желісіне параллель ұзындығы 18,637 км ӘЖ-35кВ құрылысы салынды, оның ішінде 2022 жылы 9,97 км жөнделді.
11.08.2022 ж. жалпы ұзындығы 18,637 км №52 «Федоровка 1,2-Львовка» ӘЖ – 35 кВ объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылды, құрылыстың толық құны 239 млн 533 мың теңгені құрады, оның ішінде 2022 жылы 38 млн 400 мың теңге игерілді.