«Торайғыров университеті» КЕАҚ Жоғары колледжінің 10 студенті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-да «Техник-электрик» бейіндік мамандығы бойынша өндірістік практикадан өтуде. Орта есеппен компания тобының кәсіпорындарында жыл сайын Павлодар және Екібастұз жоғары және орта оқу орындарының 300-ге жуық оқушысы өндірістік практикадан өтеді.
Колледжде және ЖОО-да студенттер теория бойынша білім алады. Кәсіпорында болашақ мамандар нақты жұмыс жағдайында кәсіби дағдылары мен шеберліктерін дамытады.
- Тәжірибе алу студенттер үшін өте маңызды. Мұнда олар алған білімдерін практикада қолдануды, нақты өндіріс шеңберінде пайдаланылатын технологиялар мен жабдықтарды зерделеуді, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуды үйренеді, - дейді «Торайғыров университеті» Жоғары колледжі директорының оқу–тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгүл Әубәкірова. – Біз «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-мен көптеген жылдар бойы ынтымақтасып келеміз. Біздің студенттер тәжірибеге ПАВЛОДАРЭНЕРГО кәсіпорындарына ықыласпен барады. Бүкіл топтар ЖЭО-да және «ПРЭК» АҚ-да өндірістік практикадан өтеді.
Әр студенттің мамандығын таңдау саналы, балалар энергияның болашағы бар екеніне сенімді. Жұмыс орны туралы шешім қабылдауға көбінесе өндірістік тәжірибе көмегін тигізеді.
- Мен «Техник-электрик» мамандығына оқимын, ата-анамның ұсынысы бойынша оқуға түстім. Энергетика - бұл әрқашан тұрақты және перспективалы жұмыс. Мен өз таңдауыма өте ризамын, – дейді «Торайғыров университеті» Жоғары колледжінің 4 курс студенті Әмина Әбішева. – Қазір 3-ЖЭО-ның №11 автоматика цехында тәжірибеден өтіп жатырмын. Тәлімгерлердің басшылығымен мен кейбір жұмыстарды өз бетімше орындауға тырысамын. Ұжым өте жақсы, жауапты. Колледжді бітіргеннен кейін маман ретінде ПАВЛОДАРЭНЕРГО-ға оралуды жоспарлап отырмын.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мен «Торайғыров университеті» КЕАҚ арасында дуальді оқытуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу сатысында. Сондай-ақ Павлодар облысының колледждерімен және университеттерімен әлеуметтік әріптестік туралы шарттар ұзартылды. 2022 жылы «Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС-мен әлеуметтік әріптестік туралы шарт жасалды. Барлығы Павлодар облысының тоғыз оқу ұйымымен шарттар жасалды.
Кәсіпорындағы практика жетекшілері - тәжірибесі бар мамандар, өз кезегінде олар да тәлімгерлік курстарынан өтеді. Өйткені, тәлімгер болу өте жауапты.
- Тәлімгер практиканттарға өзін көрсетуге көмектеседі және жастарды өндірістегі жұмыс ерекшеліктерімен таныстырады. Бірнеше күннің ішінде мамандықтың практикалық негіздерін үйретеді деп айтуға болады, - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Оқу орталығының бастығы Наталья Семенова. - Шілде айында Павлодар облысының «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде өткен кәсіпорынның тәлімгерлерін оқытуды ұйымдастырды.
«Тәлімгерлік мектебі» тақырыбындағы тегін оқыту семинарына №5/2 цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Константин Владимирович Зайков; №2 цех инженер - технологы Вадим Сергеевич Лулудов; №3 цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Даниил Анатольевич Ефимов; №5 цех шебері Николай Михайлович Березовский қатысты.
Айта кетейік, оқу орталығында мамандар қайта бейіндеу бойынша арнайы курстардан, сондай-ақ міндетті оқыту курстарынан өте алады. Мамыр айының соңынан бастап «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Оқу орталығында өрт-техникалық минимум бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілуде. Оқытудан «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының 120 қызметкері өтті.