2022-2023 жылдар жылыту маусымының ең қызған шағы. Қыс өзін күтпеген жағынан көрсетуді. Жылымық аязбен ауысып, қар мұзға айналды. Алайда қала жылумен ойдағыдай қамтылған. Жылу көздері кестеге сәйкес параметрлер көрсетіп, жылу желілері қызметкерлері анықталған бұзылыстарға дереу жауап қатып, оларды жылдам түзетуге барын салуда.
Жылыту маусымы басталғаннан бері «Павлодарские тепловые сети» ЖШС барлығы 238 бұзылысты анықтады, оның ішінде 198-сі оңтүстік желілік ауданда, ал 40 ақау солтүстік желілік ауданда анықталған.
«Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, желілердегі зақымдар қысқа мерзімде анықталып, жойылуда. Сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу тасымалдағыш параметрлері жылу көздерінен температуралық кестеге сәйкес беріледі», - деп баяндады «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің жөндеу кампаниясының жоспарлары құрылған. Осы жылы жылыту маусымы аяқталған соң, сонымен қатар гидравликалық және температуралық сынақтар өткеннен кейін магистральдік және орамішілік құбырларды қоса алғанда, жалпы 3120 метр жылу желілерін жөндеу жоспарлануда. Күн жылынғаннан соң №29 және №23 жылу магистраліндегі солтүстік желілік ауданының магистральдік желілерінің 2 учаскесінің жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен бірге қаланың солтүстік бөлігінде орамішілік желілердің ұзындығы әр түрлі 11 учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нің оңтүстік желілік ауданының мамандары келесі 4 магистральдің бөліктерін жөндеуді іске асырады, бұл ТМ №14, 24, 11 және ТМ №5. 8 учаскедегі орамішілік жылу желілерін жөндеу көзделіп отыр. Барлығы солтүстік желілік аудан бойынша 228,5 метр магистраль желілерін және 898,1 м орамішілік желілерді жөндеу жоспарлануда. Қаланың оңтүстік бөлігінде 574,1 метр магистральдік желілерге және 1419,3 м орамішілік желілерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Гидравликалық және температуралық сынақтар жөндеу жұмыстарына ұлғайту жағына өзгертулер енгізетінін айта кеткен жөн.
2023-2024 жылдардағы жылу маусымына дайындық кезінде гидравликалық сынақтардан басқа, жылу желілерін максималды есептік температураға сынау жүргізіледі. Олар жылу желілері, жылу көздері жұмысының сенімділігін қамтамасыз етіп, құбырлардың әлсіз жерлерін анықтап, маусым аралық кезеңде барлық ақаулықтарды жою мақсатында жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС 2023 жылғы бекітілген инвестициялық бағдарлама барысында бірқатар іс-шараларды орындайды.