3 наурыз күні «Торайғыров университеті» КЕАҚ-да 2023 жылғы түлектердің жыл сайынғы жәрмеңкесі өтті, онда 50-ден астам кәсіпорын болашақ мамандарға арналған бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналастыру бағдарламаларын ұсынды. Іс-шара ұйымдастырушысы - Торайғыров университетінің мансап орталығы. Басты міндет - студенттерге мамандық бойынша жұмыс табу және әлеуетті жұмыс берушілермен танысуға көмектесу.
Түлектер жәрмеңкесіне металлургия, машина жасау, энергетика, құқықтану, қаржы және т.б. түрлі экономика салаларының өкілдері қатысты. Студенттер үміткерлерге қойылатын талаптар, жұмыс жағдайлары, мансаптық өсу перспективалары және практикадан өту туралы өздерін қызықтыратын сұрақтарды қою мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, олар әңгімелесуге жазылып, түйіндемелерін қалдырды.
- Торайғыров Университеті - Қазақстанның ең ірі және беделді жоғары оқу орындарының бірі, 63-тен астам мамандық бойынша 22000-ға жуық студентке білім беруде. Биыл университеттегі оқуларын 2000-нан астам бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері тәмамдайды. Университет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі шамамен 98%-ды құрайды, - деді оқу орнының мансап орталығы бастығы Әлия Биткеева.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өкілдері де қатысты.
- Жас мамандарға, энергетика саласындағы болашақ мамандарға сұраныстың жоғары болуына байланысты компания мұндай іс-шараларға үнемі қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері - кәсіпорындардың әлеуетті қызметкерлерімен танысудың, кәсіпорындарымыздың қызметі туралы баяндап, түлек-студенттер қатарынан болашақ энергетиктерді тартудың ең жақсы тәсілдерінің бірі, - деп атап өтті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлер жөніндегі маманы Марина Перегуда.
Студенттер жұмысқа орналасудағы түлектер жәрмеңкесінің пайдалылығы мен өзектілігін атады. Анастасия – «Машина жасау» факультетінің 3-курс студенті - мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкелері қажет деп санайды, себебі бұл студенттердің көңілдерінен шығатын жұмысты табу мүмкіндіктерін арттырады. Бұл жәрмеңкелердің артықшылығы түлектер өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарына бірнеше әлеуетті жұмыс берушіден бірден жауап ала алады. Бұл пікірді «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» факультетінің 4-курс студенті Тимур да қолдайды.
- Студент өзінің болашақ жұмысы, практикадан өтуі туралы сұрақтар қойып, нақтылайды және бірден әңгімелесуге жазыла алады. Құжаттарды жинауды алаңдамай, HR-мамандардан шақыру күтудің қажеті жоқ, - дейді түлек.
«Торайғыров университеті» КЕАҚ-дағы түлектер жәрмеңкелері университет пен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, еңбек нарығында студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Университеттің мансап орталығы болашақта осындай жәрмеңкелер өткізуді жоспарлап отыр және барлық мүдделі ұйымдар мен түлектерді қызметтестікке шақырады.