Бүгін таңертең, 19 желтоқсан күні Ледовский көшесі, 1 мекенжайы бойынша «Павлодар жылу желілері» ЖШС жылу желісінің зақымдануы анықталды, нәтижесінде 58 жеке тұрғын үй мен 1 тұрғын емес үй-жай жылумен жабдықтаудан ажыратылды.


Зақымдану анықталған сәттен бастап және қазіргі уақытқа дейін зақымдануды жою жұмыстары жалғасуда. Жақын жерде өтетін кабельдік желілердің көптігіне және қолданыстағы желідегі зақымдануды жоюдың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты ұзындығы 40 м жаңа желі салу туралы шешім қабылданды.

Жұмыстар зақымдану толық жойылғанға дейін үздіксіз режимде жүргізіледі.

Тұтынушыларды қосудың болжамды уақыты ертең, 20 желтоқсан күні, сағат 9.00-де.