"Павлодарские тепловые сети" ЖШС бүгін таңертең Ломов – Пахомов көшелерінің қиылысы ауданындағы №24 магистральдық құбырда анықталған зақымдануды жоюға кірісті. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудан ажыратпайды. Жұмысты бүгін сағат 17.00-ге дейін аяқтау жоспарлануда.
12 желтоқсан күні жылумен жабдықтаушылар № 24 жылу магистраліндегі зақымды тапты. Көшедегі төмен температуралық режим зақымдануды жою үшін жылу камерасын ашуға мүмкіндік бермеді, нәтижесінде мамандар үш тәуліктен астам уақыт бойы ыстық суды арнайы техникамен сорумен айналысты. Нақты зақымдану орнын анықтап, 19 желтоқсанда жер жұмыстарын жүргізуге кірісті: асфальт төсемді ашу, жылу камерасын ашу, зақымдануды жою.
Осы жылу магистраліне қосылған Ломов, Пахомов, Усольский шағын ауданындағы үйлер № 30 жылу магистраліне қосылды. Бір магистральға көптеген үйлердің қосылуы нәтижесінде тұтынушылардың үйлеріне осы мекенжайлар бойынша төмен параметрдегі жылу жеткізілуде.
Зақымдануды жоюдың және тұтынушыларды № 24 ТМ-ға қосудың болжамды уақыты бүгін 17.00 - ге дейін, температура режимі 20.00-ге жақын қалпына келтіріледі.
Келер жылы жазғы жөндеу компаниясын жүргізу кезеңінде № 24 жылу магистралін күрделі жөндеу жоспарлануда.