«Энергетик» профилакторийі қызметкерлер мен қала тұрғындарына есігін айқара ашты. Өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты ұзақ үзіліске қарамастан, бүгінгі таңда «Энергетик» пациенттерді диагностикалау және уақтылы емдеуге арналған үздік озық техникамен жабдықталған заманауи сауықтыру кешені болып табылады. Профилакторий персоналын компания тобының басшылары ашылуымен бірінші болып құттықтады.
Профилакторийдің салтанатты ашылуы 24 мамырда өтті. Алқызыл лентаны кесу құқығы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорына берілді.
«Пандемияға қарамастан бізбен бірге болған барлық адамдарға рақмет айтамын. Компания тобының қызметкерлеріне және барлық тілек білдірушілерге сауықтыру қызметтерін көрсетуде сәттілік тілеймін, барлықтарыңызды профилакторийдің қайта ашылуымен құттықтаймын», - деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Перфилов.
Профилакторий Ертіс өзенінің көркем жағалауында орналасқан, сондықтан әрбір келуші сауықтырылып қана қоймай, өзен пейзажының әсемдігімен толық рахаттана алады. «Энергетикте» тірек-қимыл жүйесі, перифериялық жүйке жүйесі, жүрек-тамыр жүйесі аурулары бар науқастар өтемақы сатысында жоғары сапалы ем ала алады.
Бүгінгі таңда демалушыларға 56 орындық бөлмелер, 10 жартылай люкс және 2 апартамент қызмет көрсетеді.
Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін қонақтарға емдеу кабинеттері бойынша экскурсия жүргізілді, «Акватракционның» омыртқаны су астында созуға арналған кешені сияқты бірегей ем-шараларды өткізуге арналған жабдықтармен таныстырылды, атап айтқанда: «ZIMMER» аппаратымен соққы-толқынды терапия, қол массажы, механикалық массаж, құрғақ көмірқышқыл ванналар, балшық аппликациялары және т. б.
Толық ақпаратты 61-08-48 телефон нөмірі арқылы алуға болады.