Сонымен қатар, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында жылу желілерінде бөлімшелер арасында байқау өтті. Байқауда бұзушылықтардың болмауы, аумақтың санитарлық жағдайы және қалалық сенбіліктен кейінгі тазалық сияқты критерийлер бағаланды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне баса назар аударылатынын атап өткен жөн. «Павлодарские тепловые сети» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері түрлі экологиялық бастамаларға белсене қатысып, аумақтың тазалығын қадағалап, табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарайды, - деп бөлісті
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Яна Ващенко.
Бөлімшелер арасында жеңімпаз атанғандар: солтүстік желілік аудан, бастығы Владимир Рау; Оңтүстік желілік ауданның № 1 орамдық учаскесі, бастығы Дулат Сейткулов.