Катаев-Ломов көшелерінің қиылысында №5 жылу магистралін жоспарлы ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Бірінші кезеңде жылу желілері қызметкерлері Катаев көшесі бойында жүргін бөлігінің астындағы жылу магистралін итеру әдісімен ауыстырады.
Екінші және үшінші кезеңде Ломов көшесіндегі жылу желісін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл кезде тұтынушылар ыстық сумен жабдықтаудан ажыратылмайды.