Алдағы 2023-2024 жж. жылыту маусымына белсенді дайындық жалғасуда. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы станцияларда, электр, жылумен жабдықтау желілерінде, ыстық сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жылу желілерінің тозу деңгейінің жоғарылығына байланысты бұл іс-шаралар жыл сайын жүргізіледі, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның негізгі мақсаты барлық тұтынушыларды энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету және жабдықтардың сапасын қолдау болып табылады.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС деректері бойынша бүгінгі күні кәсіпорын 415,45 км. жылу желілері мен ыстық су желілеріне қызмет көрсетеді, оның ішінде 118,09 км. - магистральдік және 274,24 км. – орамішілік, 23,12 км - ыстық сумен жабдықтау желілері. 98,3 км. магистральдік жылу желілері компанияның меншігі болып табылады, 317,15 км. желілерге сенімгерлік басқару шарты бойынша қызмет көрсетіледі.
Жылу желілерінің тозу деңгейі - 89,79% (магистральдік), және 88,6% (орамішілік), орташа физикалық тозу деңгейі – 89,2%-ды құрайды. Осыған байланысты кәсіпорын жылумен қамтамасыз ету сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
«2023 жылы «Павлодарские тепловые сети» ЖШС диаметрі 57-820 мм, ұзындығы 3,120 км жылу желілеріне 614 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Оған 2,31 км. орамішілік желілер және 0,81 км. магистральдік желілер кіреді. Бүгінгі таңда жалпы 0,385 км. жөндеу жұмыстары орындалды. Негізгі объектілердің қатарында № 706/7 жылу камерасынан Камзин көш., 16/1 мекенжайына дейінгі жылу желісі және Ломов көш., 162 ауданындағы жылу желісі бар», - дейді бас инженердің пайдалану жөніндегі орынбасары Павел Плетухов.
Павлодарда инвестициялық бағдарлама шеңберінде орамішілік жылу желілерін қайта құрылымдау жалғасуда. Сонымен қатар, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау үшін 2 бірлік арнайы техника сатып алынды.
«Қала әкімдігі мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 3,2 млрд. теңге сомасына орамішілік желілерді қайта құрылымдау жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары барысында ұзындығы 385 км. жылу желілеріндегі жабдықтың және ұзындығы 23 км. ыстық сумен жабдықтау желісінің, қосалқы жабдық пен 22 орталық жылу пункттерінің ағымдағы жөндеуі жүргізілетін болады. 3 км.-ден астам жылу оқшауламасы және 55 объектінің асфальтбетон жабыны жөнделді», - деп атап өтті Павел Плетухов.