Осыдан тура 50 жыл бұрын 1972 жылы 2 қазанда 3-ЖЭО–да алғашқы қазандық пен алғашқы турбоагрегат іске қосылды. Екі айдан кейін №2 Қазандық және №2 турбоагрегат пайдалануға берілді. Ал 1978 жылдың қаңтарында соңғы алтыншы қазандық пайдалануға берілді. Содан кейін станцияның орнатылған қуаты 500 МВт болды.
Бүгінгі таңда станцияның орнатылған электр қуаты 555 МВт, жылу қуаты - 1 154 Гкал/сағ. 3-ЖЭО қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын, қызмет көрсету саласының жергілікті объектілерін, сондай-ақ өңірдің тұрғын үйлерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Станция Қазақстандағы ең заманауи станциялардың бірі: 2009 жылдан бастап оның өндіруші жабдықтары 91% - ға жаңартылды.
Павлодар 3-ЖЭО-сы бүгінде – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның ірі энергия өндіруші активі. Дегенмен, компанияның басты құндылығы әрқашан жоғары білікті мамандар болды және жылу электр орталығы олардың екінші үйіне айналды.