Бүгінгі таңда қалалық үйішілік желілер кәсіпорны 1 130-дан астам тұрғын үйге қызмет көрсетуде. Кәсіпорынның басты мақсаты - жалпы үйішілік электр желілерінің қауіпсіз техникалық жағдайын және тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. Барлық қызметтер жеке тұтынушылардың және тұрғын үй кондоминиумы басқармасы өкілдерінің өтінімдері бойынша шартта көрсетілген мерзімдерде орындалады.

20 жылдан астам уақыт бойы «ПЭТК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі - қалалық үйішілік электр желілері кәсіпорны Павлодар және Ақсу қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің үйішілік желілеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асырып келеді. Осы қызмет үшін «ПЭТК» АҚ-ның мемлекеттік лицензиясы және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-мен жасалған жалпыүйішілік электр желілеріне (бұдан әрі-ЖҮЭЖ) техникалық қызмет көрсету шарты бар.

Қалалық үйішілік электр желілерінің тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметі (тел. 61-38-70, 61-38-71), қажетті жөндеу базасы, автокөліктері және аттестатталған қызметкерлері бар.

Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстардың толық тізімімен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сайтынан келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http//pavlodartnergo.kz/ru/pavlodarenergosbyt/obshhedomovyie-elektricheskie-seti/html

Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы, ЖШС, ПИТК басшысы, қарапайым серіктестіктің (ҚС) сенімгер тұлғасы үй үшін қажетті қызметтерге, оның ішінде электрмен жабдықтау және электр шаруашылығын жұмыс жағдайында сақтау қызметтеріне тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы үйішілік электр желілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша шарт жасасу үшін Кривенко көш., 27 «Павлодарэнергосбыт» ЖШС келісім-шарт бөліміне 39-95-47 тел. бойынша, кез келген қызықтыратын мәселелер бойынша - Толстой көш., 141/13 Қалалық үйішілік электр желілері кәсіпорнына 75-16-72, 75-16-74 тел. бойынша хабарласуға болады.