29 мамыр күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да компаниядан атаулы стипендияға ие болғысы келетін 4-курс студенттері мен оқушылары жұмыстарын қорғады. Ұсынылған 6 жұмыстың 5-еуі бетпе-бет қорғауға жіберілді. Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының және ақпараттық технологиялар колледжінің ізденушілері электр энергетикасының түрлі бағыттарындағы жобаларын көрсетті. Компания басшылары мен мамандарынан тұратын комиссия дайындық критерийлері, баяндама және сұрақтарға жауаптар бойынша жұмыстарды бағалады.
«Сіздер - энергетика саласының болашағысыздар. Оқуды аяқтағаннан кейін біздің құрылымдық бөлімшелерімізге келесіздер деп үміттенеміз. Бүгінгі қорғауда және болашақ мамандықта барлықтарыңызға сәттілік тілеймін», - деп ізденушілерге комиссия төрағасы Вадим Лесин алғы сөзін арнады.
«ОАЭК» АҚ-ның адами ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Наталья Константинова бұдан бұрынғы қорғаулармен салыстырғанда, биыл атаулы стипендия үшін күреске ізденушілердің ерлер құрамы жиналғанына назар аударды.
«Біз оқушылар арасында жаңа тұлғалармен бірге, осы болашақ білікті кадрларды дайындайтын оқытушыларды да көргенімізге қуаныштымыз. Біздің басшылар жұмыстармен алдын-ала танысқанына қарамастан, ауызша қорғаудың қалай өтетіні өте маңызды, өйткені баяндама және сұрақтарға жауаптар ізденушілердің нақты дайындығы мен ұсынылған тақырыптағы білімдерін көрсетеді. Қорытынды бағалау және корпоративтік сыйлықақы беру осыған байланысты болады», - деп атап өтті комиссия мүшесі.
Гумар Алишер, Вячеслав Смышляев және Владислав Цай конкурс жеңімпаздары атанды. Олар оқу жылы бойы атаулы стипендияны алатын болады. Жеңімпаздардың оқу орнындағы және кәсіпорындардағы тәлімгерлеріне де сыйақы беріледі. Конкурс энергетика саласындағы жас мамандарды қолдауға бағытталған «PROFENERGY» бағдарламасы аясында өткізілді.