2023-2024 жылдар жылыту маусымы Павлодар қаласында қалалық әкімдік қаулысына сәйкес бүгін 18 қыркүйек күні басталды. Әлеуметтік сала объектілері мен мемлекеттік мекемелерге жылу бірінші кезекте қосылатын болады. Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік объектілер жылуды қабылдауға дайын. Көпқабатты тұрғын үйлерге жылуды қосу күні туралы қосымша хабарланады.