Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті (Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 136) 2017 жылғы 13 сәуірдегі сағат 12:00-де «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің электр энергиясын сату қызметіне арналған босату бағасының жобасын қарау жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдау мына мекенжайда өткізіледі: Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі,136, 7-қабат (мәжіліс залы).

Осыған байланысты, Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7182) 61 82 92 (сайты: www.kremzk.gov.kz);
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС – 8 (7182) 39 98 30.