Павлодарда дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты - Абай мұрасын насихаттау, оқу мәдениеті мен әдеби талғамын қалыптастыру, сондай-ақ қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін насихаттау. Байқау қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ақынның шығармашылығын жақсы көретін және бағалайтын көптеген адамдарды жинады, конкурста «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ –ның маманы жүлделі орынға ие болды.
«Абай оқуларына» қазақ тілін жетік меңгерген түрлі этнос өкілдері қатысты, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ атынан метрология қызметінің инженері Анастасия Дмитриенко қатысуға өтінім берді.
«Мен үшін «Абай оқулары» оған қатысатын адам ретінде – бұл қазақ тілін меңгерудің шешендік өнерін көрсету және сол кездегі Абай тілін түсіну мүмкіндігі болып табылады, өйткені ол қазіргі заманғыдан мүлдем өзгеше. Бұл аса талғампаз тіл, сондықтан да Абаймен біз өз заманымызда таңданып тәнті боламыз», - дейді Анастасия Дмитриенко.
Анастасия бұл байқауға алғаш рет қатысты. Мұндай мүмкіндік туралы ол «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қазақ тілінің оқытушысы Анар Жаминовадан білді және Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен мектеп қабырғасынан таныс болғандықтан, ықыласпен келісті. Анастасияның тікелей жетекшісі Евгений Якупов та бұл бастаманы қолдады.
Байқаудың өзі бірнеше кезеңге бөлінді. Біріншісінде Абай стилінде қазақ тіліне және ұлы ақынның шығармашылығына қатысты өз шығармасын оқып шығу талап етілді. Келесі кезеңде қара сөздердің бірін жатқа айту керек болды. Анастасия күрделілеу, атап айтқанда 7-ші сөзді таңдағанын мойындайды, оны есте сақтау үшін біраз уақыт қажет болды.
Одан әрі ән байқауы болды, қатысушылар музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтты, біреу домбырамен немесе қобызбен өнер көрсетті, Анастасия жанына жақын аспап ретінде гитараны таңдады. Ол сондай-ақ «Көзімнің қарасын» өз интерпретациясында, бірақ түпнұсқаның басты ерекшеліктерін толық құрметтеп және сақтай отырып орындады.
«Маған байқау ұнады, мен барлық қатысушылар арасында үшінші жүлделі орынға ие болдым. Бәсекелестік өте қатал болды, мен келесі оқуларға қатысып, алтынға ұмтылуды жоспарлап отырмын», - деп қорытындылады Анастасия Дмитриенко.