10 жылдан астам уақыт бойы жаз мезгілінде қызыл раушан гүлзарлары Павлодар 3-ЖЭО қызметкерлерінің көзін қуантуда. Өткен жылдың маусым айында шаруашылық учаскесінің мамандары станция аумағында көпжылдық раушан гүлдерінің шамамен 500 түйнегін отырғызды. Көбісі тамыр тартты. Мұнда гүлдер тек эстетикалық қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар басқа өсімдіктер сияқты құрылымына байланысты ұсақ шаңды ұстап қалып, ауаны тазартады.
3-ЖЭО ӘШБ учаскесін көгалдандыру жұмыстарын Ольга Снопкова және Анна Оленбург іске асыруда. Олар станция аумағында барқытгүл, нарғызгүл гүлдерін отырғызумен айналысады. Бірақ, негізінен, станцияда раушан гүлдері өседі.
Мамандар раушандарды бұтау, суару, тыңайтуға байланысты жұмыстарды орындайды. Раушан бап сүйгіш гүл, құрғақтыққа және шамадан тыс ылғалға төзбейді. Суару негізінен суару машинасының көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар көшелік суару бапталған, оны Ольга мен Анна мұқият қадағалайды. Гүлдер таңертеңгі уақытта суарылады, бұл олардың өсуіне жағымды әсер етеді.
«Раушандар көпжылдық гүлдер болып табылады, олар жыл сайын гүлдеп, станция қызметкерлері мен келушілерді керемет әдемі қызыл, сары және алқызыл түсті қауыздарымен және хош иісімен қуантады,» - дейді 3-ЖЭО шаруашылық меңгерушісі Мария Балданбаева.
Гүлдер патшасы раушан жылуды және күтімді талап етеді, сондықтан раушандарды кесіп алғаннан кейін сүректенген түптерін алып тастап, қыс бойы жылу режимін сақтау үшін әр түпке 5-6 шелек есебімен тірі тамырын жоңқамен жабу қажет. Осындай күтім шараларынан кейін раушан гүлдері сәнін сақтап, ауырып, қураудан аулақ болады және жаз бойы станция мамандарын әсемдігімен тамсандырады.