Баланы мектепке дайындау – оңай шаруа емес. Жыл сайын «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Білім күні қарсаңында «Жақсылық жолы» акциясын өткізеді. Үш және одан да көп балалары бар отбасы оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі. Әрқайсысына кеңсе тауарларын сатып алуға 3000 теңгеден, мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балаларға 6000 теңгеден табысталады. Сонымен қатар, 15 адамнан тұратын кәсіпорын қызметкерінің отбасына әр оқушыға берілген ақшалай қаражаттан басқа кеңсе тауарлары пакеті сыйға тартылды.

Балаларға қатысты науқандарға біз ерекше назар аударамыз, - деп баяндады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Толеубаев – Дәстүр бойынша әрқашан жаңа жылға, балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға тырысамыз - бұл жаңа жылдық ертеңгіліктерге билеттер, түрлі ойын-сауық шаралары және т. б. болуы мүмкін. Мектеп оқу жылы қарсаңында материалдық қолдау көрсетеміз. Биыл 401 оқушыға және мүмкіндігі шектеулі 16 балаға 1,3 млн. теңге сомасына көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, науқан аясында кәсіподақ ұйымының өкілдері мереке қарсаңында Ақсу қаласында тұратын көпбалалы отбасына барды. Воропаевтар отбасы 13 баланы тәрбиелеп отыр: тұңғыштары - 26 жаста болса, кенжесі - бес жаста, алтауы - орта білім беру орнының оқушылары. Балалар өте тату: үлкендері үй шаруасында көмектеседі, бауырларына бас-көз болады.
Отағасы 10 жылдан бері «ПЭТК» АҚ электр желілері батыс кәсіпорнында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Әрине, мұндай үлкен отбасын қамтамасыз ету оңай емес деп бөлісті Олег Александрович, бірақ олар бұл үшін бар күш-жігерін салуда, сонымен қатар көршілері, әріптестері де көмектеседі. «Алтын алқа» мәртебесіне ие болған аналары Анастасия Харисовна кәсіподақтың берген көмегі үшін разылығын білдірді:
Біздің отбасымыз үлкен, сондықтан шығындарымыз да өте көп. Бірақ бала - адам өміріндегі ең үлкен бақыт, және біз жұбайым екеуміз он үш баламыздың болғанына қуаныштымыз. Қамқорлықтарыңыз, қолдауларыңыз және достық көмектеріңіз үшін үлкен рахмет. Ең бастысы, сіздер біздің балаларымызға қуаныш пен жақсылыққа деген сенімді сыйладыңыздар.
Воропаевтар отбасына біздің алғаш баруымыз емес, және олар бізді әрқашан отбасының үлкен қыздары пісірген иісі аңқыған дәмді тоқаштар мен бәліштермен қарсы алады. Әдеттегідей, балалар қызығушылықпен кеңсе тауарларын қарап жатқанда, ерлі-зайыпты Воропаевтар қонақтарды дастарханға шақырды. Бұл үлкен тату отбасының жүрегі кең және олар әр қонақты қуана қарсы алады.