«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да жұмыс орнында үйішілік электр желілері қалалық кәсіпорнының кезекші жөндеу-қалпына келтіру бригадасының мамандары үшін ауызашар берілді. Ұйымдастырушы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі болды.
Биыл мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталды. Ораза 30 күнге созылады. Дәстүр бойынша, мұсылмандарға бір ай бойы күндізгі уақытта ішуге және жеуге болмайды. Ең қиыны - ауысыммен жұмыс істейтін ораза ұстаушыларға барлық шарттарды сақтау.
«Қасиетті Рамазан айында қонақтарды қарсы алу ерекше қуанышты. Біз қызмет орнында ауыз бекіткен, кешкі уақытта өз жұмыс орындарында жүрген мамандар үшін ауызашар беруді ұйғардық», - деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балтабек Төлеубаев.
Дәстүр бойынша үстелде палау, бауырсақ, самса, тәттілер бар. Барлығы үйдегідей. Мамандар осындай көңілге дән риза болды.
«Кәсіпорында дәстүрге құрметпен және ықыласпен қарайтыны өте керемет. Біздің бригадада барлығы дерлік ораза ұстайды, сондықтан дәстүр бойынша, сағат 19.50-де бәріміз бірге бір дастархан басында кешкі ас ішкеніміз өте жақсы болды. Осылай кезекшілік ету де қызықты, - дейді кәсіпорында 20 жылдан астам жұмыс істеген ШЭЖҚК кезекші диспетчері Нұртай Молдабаев.
Алайда, үстел басында мамандар мүмкіндікті пайдаланып, кәсіподақ жұмысының, дисконттық жүйе жобасының мәселелерін талқылады. Төраға Балтабек Төлеубаев энергетиктерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, энергетика саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау шеңберіндегі кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары туралы айтты.