27 сәуір күні Павлодар қаласының «Шахмат үйінде» шахмат сайысы өтті. Мұнда «Павлодарэнерго» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ шахмат және дойбы логикалық ойындарының әуесқойларын жинады. Турнир екі кезеңде өтті: жеке ерлер және әйелдер арасында.
Турнир Шахмат үйі директоры Шәріп Кашкенов пен кәсіподақ төрағасы Балтабек Толеубаевтың кіріспе сөзімен басталды.
Шарип Кашкенов жыл сайынғы шахмат-дойбы турнирін өткізу «Павлодарэнерго» кәсіподағының игі дәстүріне айналғанын атап өтті.
Балтабек Толеубаев «Шахмат үйі» кітапханасына құнды сыйлық – тақырыптық кітаптар жиынтығын ұсынды.
Фигуралардың үнсіз қозғалысымен қатысушылар өздерінің тапқырлығын, стратегиялық ойлау қабілеттері мен салқынқандылығын көрсетті. Ал құзыретті төрешілер комиссиясы турнир жеңімпаздарын анықтады.
Ерлер арасындағы шахмат сайысы бойынша нәтижелер келесідей: бірінші орынды Бекболат Муканов («ПЭТК» АҚ Железин ЭЖА); екінші орынды Усман Шамионов («ПЭТК» АҚ Қалалық үйішілік электр желілері кәсіпорны) иеленді; құрметті үшінші орын Диас Матеновке («Павлодарские тепловые сети» ЖШС) бұйырды.
Шахмат бойынша әйелдер арасында: бірінші орынға Ирина Грюкачева («ПЭТК» АҚ Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімі); екінші орынға Ирина Чиркова (2-ЖЭО) ие болды; үшінші орын Мөлдір Аймурзаеваға («УПНК-ПВ» ЖШС) берілді.
Дойбы бойынша ерлер арасындағы турнирде: бірінші орынды Нуртай Саденов («ПЭТК» АҚ Қалалық үйішілік электр желілері кәсіпорны); екінші орынды Бауыржан Актасов (3-ЖЭО) иеленді.
Дойбы бойынша әйелдер арасындағы жүлделі орындар: Динара Инербаева («ПЭТК» АҚ Павлодар ЭЖА) жеңіске жетті; 2-орынға Кульжан Баимбетова ( «Павлодарэнергосбыт» ЖШС); 3-орынға Виктория Синогейкина (Қалалық ЭЖК) ие болды.
Турнир соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Әр санаттағы жеңімпаздарға лайықты дипломдар, ақшалай сыйлықтар және кәсіподақ төрағасының жеке сыйлығы – шахмат ойынына арналған әдебиет берілді.