«Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ энергетиктерге шахматтан онлайн-турнирде бас қосуларына мүмкіндік берді. Монитор арқылы клеткалы алаңдар мен шахмат фигураларының барлық эстетикасын сезіну мүмкін болмаса да, алайда бұл қатысушылардың басқа қалалардан келген әріптестерімен ойнау мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік берді. Теке-тірес шайқаста «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды.
7 қазанда Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай шахматтан онлайн-турнир өтті. Қазэнерго кәсіподағына кіретін мүше ұйымдар қатысуға өз үміткерлерін ұсынды, «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ – нен жүлделі орындар үшін 7 адам күресті.
Жеке сынақ қорытындысы бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері келесі жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасында: 1-ші орын - Ирина Грюкачева ("ПРЭК" АҚ); 2-ші орын – Ирина Чиркова (2-ЖЭО). Бекболат Мұқанов ("ПРЭК" АҚ) ерлер арасында екінші орынды иеленді.
- Мүше ұйымдар арасындағы турнир туралы біздің кәсіподақ төрағасы Балтабек Төлеубаевтан білдім, - дейді «ПРЭК» АҚ персоналмен жұмыс бөлімінің еңбек жөніндегі жетекші экономисі Ирина Грюкачева. - Әр түрлі шахмат турнирлеріне мен мектеп кезінен қатысамын. Бәсекелестік өте маңызды болды, бірақ мен тағы да қуана-қуана қатысар едім. Өзімізді көрсетуге осындай мүмкіндік берген үшін біздің кәсіподаққа алғыс айтқым келеді.
Жарыс жүлдегерлеріне дипломдар мен ақшалай сыйақы табысталды.