Құрметті әріптестер!
Сіздерді қуаныш пен шаттықтың, үміт пен шабыттың мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Көнеден келе жатқан, күн мен түннің көктемгі теңелетін күніндегі, бес мың жылдан астам уақыт көптеген елдерде аталып келе жатқан осы мейрам бүгінгі заманымызда да өз үйлесімін тауып отыр. Ежелгі дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, Наурыз күні бұрынғысынша көктемнің, жаңару мен жанданудың символы болып қала береді.
Бұл мейрам көпұлтты Қазақстанда тұрып жатқан барлық адамдарға бірдей қымбат. Көктемнің жылы күн нұрымен ол әрбір үйге молшылық, береке мен бірлік, махаббат пен бақыт және ертеңгі күнге деген сенімділік алып келсін!
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры