Сіздерді жылу мен жарықтың жеңіске жету салтанатын, бейбітшілік пен келісімнің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің нышаны болып келетін тамаша  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемгі күн мен түннің теңелу кезі 22-наурызда барлық аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне оралады және табиғаттағы барлық тірлік жаңарады деген ұғым байырғы заманнан бар.

Көптеген шығыс елдері үшін ұлы күн адамдарға сенімділік пен күшті, өсіп-өнуге деген сенімді сыйлап, жемісті шығармашылық еңбекке шабыттандырады. Мағынасы тереңде жатқан байырғы Наурыз мейрамы біздер үшін достықтың, өзара түсіністік пен бірліктің белгісіне айналды.

Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасылық береке тілей отырып, біздің гүлденіп келе жатқан еліміздің аспаны ашық болуы үшін табысқа қолжеткізуде қойған мақсаттарымыз іске ассын.

Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ бас директоры