Өндірістік қуаттарды жаңарту - «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жұмысындағы маңызды бағыт. Бұл үдерістің тиімді әрі сапалы өтуі үшін сенімді өндірушілердің заманауи жабдықтарын пайдалану маңызды.
24 қараша күні Гёнгнам провинциясының энергетикалық компаниялары өкілдерінің делегациясы жаңа іскерлік қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу мақсатында Павлодар 3-ЖЭО-на келіп, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ станциясының қызметімен танысты. Экскурсия барысында шетелдік мамандар қызметкерлермен танысып, станцияның негізгі және қосалқы жабдықтарын қарап, қызықтырған сұрақтарын қойды. Оңтүстік Кореяның DOOSAN ENERBILITY, KHNP және басқа да энергетикалық кәсіпорындарының өкілдері болашақта «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-мен өнімді ынтымақтастық орнату ниетін білдірді.
Бұдан бір күн бұрын делегация Астанадағы 2023 Nuclear Power Industry & Equipment Forum семинарына қатысқан.