Баршаңызды Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын!
Әлем үнемі өзгеріс үстінде, бірақ энергетиктің мамандығы өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компанияларының барлық тобы қызметінің маңызды мақсаты болып табылатын энергиямен жабдықтаудың үздіксіздігі – Павлодар өңірінің өркендеуінің және гүлденуінің міндетті кепілі.
Компаниямыздың алдында өндірістік қуаттарды жетілдіруге және еңбек жағдайларын әрі қарай жақсартуға бағытталған көптеген қызықты жобалар тұр.
2018 жыл барлығымыз үшін қиындықтарды табысты игеріп қана қоймай, жаңа жетістіктерге апарар кезең болсын!
Сіздерге сарқылмас қуат, мықты денсаулық, маңызды өндірістік жеңістер, өз күштеріңізге деген сенімділік және оптимизм тілеймін! Үйлеріңізде әрдайым амандық, махаббат болсын және өркендей берсін! Жаңа Жыл құтты болсын!
Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры