Барлықтарыңызды Астана күнімен құттықтаймын!
Бұл күн қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Астана 21-ші ғасырдың жаңалығы, мыңжылдықтың туындысы, мәңгілік елдің көрінісі! Өзінің қысқа ғана тарихи кезеңінде шағын шаһардан Астана миллион тұрғыны бар экономикалық және мәдени өмірдің орталығына айналды. Халықтың ең батыл да орасан зор жоспарларын іске асырған ол бүгінгі күні әрбіреуіміздің мақтанышымыз болып отыр.
Астана – Қазақстанның ең көркем қалаларының бірі, онда маңызды кездесулер, атаулы оқиғалар өтіп отырады. Сүйікті елордамыз өсіп көркейе берсін, Қазақстан халқын біріктіре отырып және әлемдік кеңістікте өз орнын нығайта отырып, алға сенімділікпен қарай түссін!
Мереке құтты болсын! Барлықтарыңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық және бақыт тілеймін!
Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры