Құрметті серіктестер, әріптестер, отандастар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан қазақстандықтар үшін ширек ғасыр бойы еркіндік пен өз жолын таңдаудың нышаны іспетті. Жылдар бойы еліміз ұлы қазақ халқының тарихын көпұлттық бірлікпен, жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен лайықты жалғастырып келеді.
Мемлекеттің дамуына павлодарлық энергетиктер де септігін тигізіп келеді. Тұрғын үйлерді, өнеркәсіп нысандары мен ауылшаруашылықты тұрақты және сенімді электр- және жылумен қамту бізге байланысты. Өңірді энергиямен қамтуды сапалы жүргізу үшін болашақта да бар күшімізді саламыз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы күні сіздерге денсаулық, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!
Олег Владимирұлы Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры