Құрметті әріптестер!
Энергетика саласында еңбек етіп жүрген баршаңызды Кәсіби мерекеміз - Энергетик күнімен құттықтаймын!
Барлық өңірлердің үйлеріндегі және өндірістердегі, бүгіл еліміздегі тұрақтылық, амандық пен тыныштық біздің табыстарымызға және кейде күрделі болып жататын міндеттерді шеше білуімізге байланысты.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Компаниясы республикамыздың қуатын арттыра түсуге қомақты үлесін үнемі қосып келеді. Біріккен Павлодар 3-ЖЭО және 2-ЖЭО, Екібастұз ЖЭО, «Павлодар ЭЖТК», «Павлодарские тепловые сети», «Павлодарэнергосбыт» қазіргі күрделі жағдайларда Павлодар облысын энергиямен сенімді жабдықтауға бүгінгі күні де жауапкершілік арқалауын жалғастыруда. Біз Қазақстанда теңдесі жоқ қайта құру және жаңғырту бағдарламасын іске асыруды, электр және жылу энергиясын беру барысында экологиялық тұрғыдан пайдалы заманауи технологияларды енгізуді жалғастырудамыз.
Барлықтарыңызға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін. Қиындықтар жоспарларыңызды іске асыруға және жоспарланған жобаларды орындауға ешқашан бөгет болмасын!
Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ бас директоры