Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Жеңіс саябағында Даңқ ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ компаниялар тобының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері соғыс жылдарында Отан үшін жанын қиған қаһармандарымызды естеріне алып, құрметтерін білдірді.
Жеңіс күні - барлығымыз үшін айтулы мереке - 1941-1945 жылдардағы соғыс бірде-бір отбасын айналып өтпеді. Біздің бостандығымыз, бейбіт өміріміз үшін өмірлерін құрбан еткен, Отанын қорғап қалған адамдардың батылдығын бағалау және ұмытпау - біздің аға буын алдындағы қасиетті борышымыз.