Құрметті энергетиктер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің міндетіміз – Павлодар өңірінің тұрғындарына жылу, жарық сыйлап, жайлы жағдай жасау, облыс кәсіпорындарының өмірі мен жұмысын қамтамасыз ету. Ертіс өңірінің энергиямен жабдықталу тұрақтылығы үшін жауапкершілік, ауыл шаруашылығынан бастап экономикаға дейін, өнеркәсіптен әлеуметтік салаға дейін қызметтің әр түрлі салаларын дамытуға үздіксіз қатысу – осының барлығы біздің кәсібімізді таптырмайтын әрі маңызды етеді. Тәуліктің кез келген мезгілінде, ауа райының әр түрлі құбылысында өңіріміздің игілігі үшін еңбек етіп жатқан адамдардың жоғары кәсіпқойлығы үлкен құрметке лайық.
Жұмысымыз ылайым табысты болсын, алға қойған жоспарларымыз толығымен іске асырылсын демекпін. Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық-саулық тілеймін, еліміздің бүкіл энергетикалық саласы өркендей берсін!
Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры