Мамыр айының басында біз дәстүрлі екі үлкен мерекені атап өтеміз, олар: Қазақстан халқының бірлігі күні мен Жеңіс күні. Бұл мейрамдар өзінің маңыздылығымен және уақытымен бірі-бірімен тығыз байланысқан. Халық бірлігі күні — бұл Қазақстан Республикасының бейбіт және табысты өмірінің басталуын біріктіретін біздің бүгінгіміз бен ертеңіміз. Халықтың тұтастығы дәстүрі бізге ата-бабаларымыздан өсиет етіп қалдырылған. Бұл дәстүр Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге, сөйтіп ашық аспанымызды сақтап қалуға және Қазақстанның гүлденуінің негізін салуға көмектесті. Бұл дәстүр осыны есте сақтау үшін, оны бағалау үшін және еліміздің өткеніне құрметпен, қазіргі өмірге сеніммен және болашаққа деген қамқорлықпен жас ұрпаққа табыстау үшін өте маңызды әрі қажет.
Барлықтарыңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, болашаққа деген сенімділік, бейбіт өмір және молшылық тілеймін!
Олег Перфилов,
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры