"Павлодарские тепловые сети" ЖШС «Алюминий Казахстан» АҚ ЖЭО-на қосылған жылу жүйелерін жөндеуге шығару алдында, 2018 жылғы 06 – 10 тамыз аралығында гидравликалық сынауларды өткізеді.

Осыған байланысты 2018 жылғы 06 – 10 тамыз аралығында Павлодар қаласының мына  көшелер шегіндегі тұрғын үйлерде ыстық су болмайды:

Оңтүстік бөлігі:  29 Ноябрь – Естай – Абай - Кривенко –  Суворов -  Қамзин,     
2 Павлодар, Восточный шағын ауданы, Зеленстрой кенті, Дачный шағын ауданы, Усолка шағын ауданы.

Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу жүйелері аумағында сақ болуды өтінеміз.

Ескертулер мен құқық бұзушылықтар болған жағдайда мына телефон нөміріне хабарласыңыздар: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспечер қызметі); 57-01-13 (эксплуатациялық аудан).