Құрметті Екібастұз тұрғындары!
24-27 сәуір аралығында қаланың магистральдік және орамішілік жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізу жоспарлануда, осыған байланысты аталған кезеңде ыстық сумен қамту тоқтатылады.


Жылу жүйелеріндегі құбырлардың жарылуын болдырмау үшін №1, 2 ысырмаларды ажыратып, жылу желісіне бітеуіштер орнату қажет. Көрсетілген шараларды орындамау мүліктің бүлінуіне, сонымен бірге жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Құбырлардың беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізу нәтижелері бойынша зақымданулар анықталған құбыр учаскелері жөндеуге шығарылады. Осыған байланысты осы учаскелерден қамтылатын тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту уақытша тоқтатылады.
Үйлердің тізімдері және жұмыстарды жүргізудің болжамды күндері ЭТЭ telegram каналында (арнаға сілтеме @ete_ekb профиль тақырыбында) жарияланады, сонымен қатар «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС @ete_ekb ресми аккаунтында орналастырылады.
Аталған кезеңде жылу желілері және жылу камералары орналасқан жерлерде сақ болуларыңызды сұраймыз.
Екібастұз тұрғындарын сынақ жүргізу кезінде барлық анықталған ескертулер, бұзушылықтар, зақымданулар және т. б. мәселелерге байланысты 87187750804, 87187280694 («ЭТЭ» ЖШС ЭТЭ диспетчерлік қызметі), 87187280737 (жылу инспекциясы) телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз; мәтіндік хабарламалар түріндегі өтініштер +77017054957 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданады