3 қараша «Павлодарэнерго» АҚ акт залында «Келісім комиссиясы және еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Қатысқандар еншілес ұйымдардың өкілдері - келісім комиссиясының мүшелері, сондай - ақ шақырылған қонақтар - сот және кәсіпорындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау өкілдері болды.
Әрбір маман қауіпсіздік талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына, сондай-ақ уақтылы еңбекақы төлеміне құқылы. Жұмыс беруші мен қызметкер арасында даулар туындаған жағдайда келісім комиссиясы көмекке келеді, оның ерекше рөлін Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Нұржанқызы Айтжанова атап өтті.
- Келісім комиссиясы - кез келген ұйымда, оның филиалдарында, өкілдіктерінде және еншілес ұйымдарында құрылатын қолданыстағы орган, - деп түсіндірді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ басшысы Балтабек Төлеубаев. - Келісім комиссиясының құрамына жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдері кіреді. Олар сотқа дейінгі тәртіпте қызметкер мен жұмыс берушінің бір-біріне деген талаптары қаншалықты әділ екенін шешеді.
Семинар барысында Павлодар қалалық сотының судьясы Ажар Баймұхамбетова, «Павлодар облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаменті» РММ басшысы Евгений Губарев, татуластыру орталығының жетекшісі Марина Иванова, еңбек құқығы бойынша сарапшы Марат Қабжамитов және т.б. сөз сөйледі. Олар нақты мысалдармен жанжалды сот талқылауына жеткізбей қалай шешуге болатынын айтып берді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек заңнамасының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өйткені кәсіпорындағы басты құндылық - әр маманның өмірі мен қауіпсіздігі.
Келісім комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша семинар кейстерді егжей-тегжейлі талдаудан және «Сұрақ-жауап» оқыту кезеңінен өткеннен кейін дәстүр бойынша келісу комиссиясының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес оқудан өткендігі туралы сертификаттарды тапсырумен аяқталды.