«ПЭТК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорны Павлодар қаласын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға байланысты жұмыстарды күнделікті жүргізеуде, бұл жабдықтарды тиісті жағдайда сақтап, апаттық жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Осы аптада кәсіпорынның кабель желілері қызметі №131 трансформаторлық қосалқы станциядан Минин көш., 38/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйге дейінгі 0,4 кВ кабельдік желіге күрделі жөндеу жүргізуде. Бұл желі бойынша көпқабатты үйдің резервтік қуаты жүзеге асырылады.
Трансформаторлық қосалқы станциялар мен тарату пункттері қызметі ағымдағы жөндеу кестесіне сәйкес Потапов көш., 12 тұрғын үй ауданында орналасқан № 621 жинақтық трансформаторлық қосалқы станциядағы жабдыққа ағымдағы жөндеу жүргізуде.
Трансформаторлық қосалқы станцияларды ағымдағы жөндеу бекітілген кестеге сәйкес қаңтар айын қоспағанда, ақпан-желтоқсан айлары аралығында жыл бойы жүргізіледі, қаңтар айында оқу орталығындағы және кәсіпорынның өзіндегі қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша барлық қажетті емтихандарды тапсыру жүзеге асырылады.
«Биыл кәсіпорын электр желілерінің әуе желілерін қайта құрылымдау бойынша ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. «Батыс қалалық» қосалқы станциясының № 405 және №110 10 кВ әуе желілерінің фидерлерінде кабельдік желілерге көше отырып, жалаң сымды өзін көтеруші оқшауланған сымға ауыстыру жүргізіледі. Бұл шара ауа-райының бұзылуына байланысты апаттық ажыратулар санын азайтуға көмектеседі», - дейді «ПЭТК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының бас инженері Владимир Медведев.
№110 фидердегі жұмыстар аяқталды, ал №405 фидердегі жұмыстар жоспар бойынша қазан айының соңы – қараша айының басында аяқталады.