«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығында компаниялар тобының мыңдаған қызметкерлері білім алған. ОО персоналы қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау үшін жауап береді. Бұл олардың жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. 2023 жылдың 10 айы ішінде барлық компаниялар тобы бойынша 2623 адам оқытудан өтті.
- Оқу орталығының негізгі қызметі – персоналды даярлау және қайта даярлау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Біздің ЖЭО, құбырлар, қазандық агрегаттары, жүк көтергіш механизмдер - қауіптілігі жоғары объектілер, сондықтан біз өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум бойынша оқытуды жүргіземіз. Сонымен қатар тікелей жұмыс орнында жеке оқыту да қарастырылған, - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығының бастығы Наталья Семенова.
Осы жылдың 10 айы ішінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығы арқылы екі жарым мыңнан астам адам өтті. 199 жұмыскер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша; 381 қызметкер сабақтас кәсіптерге оқытылды; 118 адам өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бойынша алғашқы оқытудан өтті; 136 жұмыскер өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша курсты меңгерді; 96 адам – электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша алғашқы және қайта оқытудан; 1405 адам өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сабақтас кәсіптер бойынша қайта оқыту/қайта аттестаттау курсын игерді; 77 қызметкер біліктілігін арттырып; 146 маман жаңа кәсіпті игерді; 36 адам кадрлар резервін оқытуға қатысып; 29 адам мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасын игерді. Кәсіпорыннан тыс бөгде оқу орындары мен біліктілікті арттыру институттарында 130 адам оқытудан өтіп, сертификат алды/растады.
Оқу орталығының ұжымы маңызды міндетті атқарады. Персоналды оқыту, қызметкерлердің кәсібилігін арттыру және оларды еңбек қауіпсіздігі саласында барлық қажетті біліммен қамтамасыз ету кәсіпорын болашағы үшін аса маңызды.