Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру және жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тарифтердің жобаларын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.
Жария тыңдау 2022 жылғы 25 қараша күні сағат 16:00-де Екібастұз қаласы, М. Әуезов көшесі, 147, «Өнер» ҚМО, кіші зал мекенжайы бойынша өтеді. Тікелей эфир Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.
Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Анықтама телефоны: Департамент – 8(7182)787101.