Өткен демалыс күндері «Энергетик» демалыс үйінің аумағында қысты шығарып салу, көктемді қарсы алу мерекесі өтті. Мереке демалыс үйі әкімшілігі мен Мичурино ауылы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қонақтар үшін ойын-сауық бағдарламасы, байқаулар, ас-шай және масленица апталығының аяқталуына орай қарақшыны өртеу рәсімі өткізілді.
«Энергетик» демалыс үйінде өткен Масленица мерекесі қонақтар үшін жарқын әрі қызықты болды. Ас-шай, қолөнер және аспаздық жәрмеңкесі, байқаулар, әндер мен билер және т. б. көптеген ойын-сауық шаралары дайындалды. Аязды ауа-райына қарамастан, мереке көктемнің жайма шуақ күндерін әркім сезінетіндей жылулық пен жайлылық атмосферасында өтті.
Славян ұлттық киімдерін киіп келгендер үшін кіру тегін болды. Ал ыстық палаудан барлық қонақтар дәм татты. Масленица мерекесіндегі дәстүрлі бағанаға өрмелеп шығу ойыны да өткізілді, онда ең батыл әрі епті қатысушылар бағын сынады.
Көсем жегілген иттер аттракционы кішкентай қонақтардың көңілінен шықты. Жүрдек хаскилер «Энергетик» демалыс үйінің кішкентай және ересек қонақтарын серуендетті. Жылдамдықты сүйетіндер үшін қаркешкіштермен жүру мүмкіндігі қарастырылды.
Мерекенің соңында көктемнің жақын арада келуіне орай Масленица қарақшысын өртеу рәсімі өткізілді. Бұл жолы үш қарақшы өртелді. Кешке қонақтар алау жанында, саунада, бассейн және монша күбісінде дем алды.
Демалыс үйінің әкімшілігі әрдайым қонақтарды күтеді және сіздің ерекше күндеріңізді, мерекелеріңізді дайындап, өткізуге ат салысуға әрқашан дайын.
Энергетик демалыс үйі Мичурино ауылының керемет аумағында орналасқан. Толық ақпарат +77759027146 телефоны бойынша.