«Павлодарские тепловые сети» ЖШС 2-ЖЭО «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қосылған жылу жүйелерін жөндеуден шығарғаннан кейін, жылу жүйелерінде 2015 жылдың 18-20 тамыз аралығында гидравликалық сынауларды өткізеді.

Осыған байланысты Павлодар қаласының тұрғын үйлеріндегі көшелерде 2015 жылдың 17-21 тамыз аралығында ыстық су болмайды:

  • Солтүстік бөлігі: Торайғыров к-сі – Ак.Сәтпаев к-сі – Лермонтов к-сі – Ак.Бектұров к-сі –  Қайырбаев к-сі – Суворов к-сі – Камзин к-сі – Чкалов к-сі – Кутузов к-сі.
  • Оңтүстік бөлігі:  Пахомов –  Кривенко –  Суворов -  Қамзин –  Естай,  2 Павлодар, Восточный шағын ауданы, Зеленстрой кенті, Дачный шағын ауданы, Усолка шағын ауданы.

Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу жүйелері жерінде сақ болу керек. Ескертулер мен құқық бұзушылықтар болған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчер қызметі); тел. 55-24-61 (эксплуатациялық аудан).