Станцияның 50 жылдығына орай 3-ЖЭО мамандарын «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев құттықтады. Кездесуде өндіріс ардагерлеріне грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Осы жерде цехтар үшін станция туралы үздік бейнероликке конкурс жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Іс-шараны ашқан кәсіподақ жетекшісі Балтабек Төлеубаев энергетик мамандығының маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерге еңбегі үшін алғыс айтты, еңбекақы төлеу жағдайларын жақсарту және әлеуметтік пакет алу үшін қызметкерлердің мүдделерін қорғауды жалғастыруға уәде берді.

Цехтар арасындағы бейнероликтер байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей таратылды: 1-ші орын - №2 турбина цехының ұжымы («Турбина цехының бір жұмыс күні» бейнеролигі); 2-ші орын – 3-ЖЭО ӨТБ ұжымы («3-ЖЭО-ға 50 жыл» бейнеролигі); 3-ші орын - №2 турбина цехының ұжымы («Тарихтағы тұлғалар» бейнеролигі). Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Өндіріске 20 жылдан астам өмірін арнаған және кәсіподақ ұйымының құрамына кіретін станцияның 26 ардагер қызметкерлері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің жұмыстарыңызға рақметімізді айтамыз, сіздер қаланы жылытып, бүкіл облысқа электр қуатын бересіздер. Ал кәсіподақ сіздердің мүдделеріңізді қорғауды жалғастырады!», - деп қорытындылады сөзін Балтабек Төлеубаев.