Владимир Искандиров Қалалық электр желілері кәсіпорнында 40 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Есепке алу пункттеріне техникалық қызмет көрсету учаскесінің шебері кәсіпорынға училищені бітіргеннен кейін бірден келіп, бүкіл өмірін электрмен жұмыс істеуге арнаған.

Мен №148 қалалық кәсіптік техникалық училищені теміржол көлігінде орталықтандыру және бұғаттау электр монтаждаушысы мамандығы бойынша тәмамдадым, - деп баяндады Владимир Юрьевич. – Дипломды қорғау кезінде «ПЭТК» АҚ директорының орынбасары комиссия құрамында болып, маған электржелістік тарату компаниясына жұмысқа баруды ұсынды».

Диплом алғаннан кейін жас маман Павлодар ауданының электр желілері кәсіпорнында электрик болып жұмысқа орналасты. Кейін әскерлік борышын өтеді. Әскерден келгеннен кейін Владимир ойланбастан алғашқы жұмыс орны - «ПЭТК» АҚ-на қайта оралуға бел буды, бірақ осы жолы Қалалық электр желілері кәсіпорнында әуе желілерінің электромонтері қызметін атқарды.

Мен үшін энергетика - жай сөз емес. Бұл менің сүйікті кәсібім, - дейді шебер. - Бүгін өмірді электр қуатынсыз елестете аласыздар ма? Әрине, жоқ. Әр үйде жарықтың болуы, электр құрылғыларының жұмыс істеуі - біздің басты міндетіміз.

Туыстары - жұбайы, қызы және немерелері - Владимирді әрқашан қолдап, жұмысының маңыздылығын түсінеді. Қолайсыз ауа-райы, жел, боран жағдайында электр желілерінде түрлі ақаулар болған кезде, отағасы әрдайым қызметте болады. Тәжірибесі мен еңбек өтілі күрделі мәселелерді шешуге және қысқа мерзімде тұтынушыларды электр энергиясына қайта қосуға мүмкіндік береді. Басшылық та шебердің жұмысын жоғары бағалайды.

Владимир Юрьевич білікті маман - өз ісінің нағыз шебері, тамаша тәлімгер. Тәжірибесі мол және онымен жас ұрпақпен қуана бөліседі, - дейді қалалық электр желілері кәсіпорнының директоры Олег Клочков. - Адам ретінде ол өте қарапайым әрі мейірімді, қажет болған жағдайда ақылын айтып, жолдастарына әрқашан көмектесуге дайын.

Қаһарманымыздың айтуынша, 40 жыл ішінде оның мамандығын немесе жұмыс орнын ауыстыру ниеті ешқашан болған емес. Сізге не күш береді?- деген сұраққа:

- Энергетика. Маңызды іске қатыстылық, адамдарға деген қажеттілік сезімі жұмыс істеуге және өмір сүруге күш береді. Және біздің мамандықта зерігуге уақыт та жоқ - деп жауап берді Владимир Искандиров.