«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы 2017 жылғы желтоқсан айының соңына дейін тұтынылған жылу және/немесе электр энергиясы үшін берешекті төлеген кезде жеңілдік шарттарын ұсыну бойынша акция өткізеді.
Жылдың аяғына дейін өткізім ұйымы алдындағы өз қарыздарын толық өтейтін тұтынушылардың өтелмеген барлық өсімақы төлемдері есептен шығарылады.
Сонымен қатар «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ы берешекті бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретін (бұл жағдайда өсімақы толық төленеді) «Тұтынушыларға оң қадам» механизмі өз қызметін жалғастыруда екенін еске салады.